Ұрлық жасау фактісі бойынша іс қысқартылды, сотталушыға медициналық сипаттағы шара қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының Качир аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 1 бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылы мамыр айында азаматша Л. көршісі Ф-ның үйінде болмауын пайдаланып, оның үйінен «Nokia-CЭ 0168» маркалы ұялы телефонын ұрлап алған.   

Качир аудандық сотымен  азамат Л. ҚК 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды (медиация тәртібінде татуласуына байланысты). Л-дан мемлекет пайдасына 5617 теңге соммасына сараптама өткізу үшін іс жүргізу шығындары өндіріліп алынды.

ҚК 91-бабына сәйкес, Л-ға қатысты дәрігер психиатрдың емделуінде және амбулаторлы мәжбүрлі байқау түрінде алкоголизмнен емдеу үшін  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Качир аудандық сотының баспасөз қызметі