Успен аудандық сотында «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ел басы кез келген құқық бұзушылыққа қоғамда нөлдік төзімділікті құру бойынша міндет қойылған. Мемлекетіміздің Президенті белгілеп өткендей, «мемлекет заңын бұзу және кез келген қылмыс үшін жазаның әділдігі мен болмай қоймайтындығына ешкімнің күмәні болмау қажет», «азаматтардың заңға немқұрайлы қарауына жол беруге болмайды».

Аталған мақсатты жүзеге асыру шеңберінде «Нұр Отан» ғимаратында Успен аудандық сотының төрайымы Г.Мұхаметкалиевамен «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысқа нөлдік төзімділік» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Жас талап» ЖҚБ Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер, ауыл жастары  қатысты.

Іс-шара барысында бұзақылық  және  қоршаған ортаны ластау түрінде ұсақ құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік туралы мәселелер талқыланды. Тәжірибеден нақты мысалдар келтіріліді.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары және жастар арасында психо-белсенді заттарды қолданудың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар оқушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына  жауап берді.

Қайнар: 
Успен аудандық сотының баспасөз қызметі