Ұйымдасқан қылмыстық топ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 сотына 3 тұлғаға қатысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру  - ҚК 262 б. 1 б. ,
- Ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру -  ҚК 28 б. 3 б., 307 б. 3 б. 1 т.,
- Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол
              сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу  - ҚК 266 б. 1 б.
- Ірі мөлшерде көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену - ҚК 196 б. 3 б. 1 т .
- ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу - ҚК 262 б. 2 б. бойынша айыпталудағы қылмыстық іс түсті.
Қылмыстық қудалау органымен аталған тұлғалар қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр қылмыстар үшін айыпталуда.
2013 жылы Павлодар облысының қылмыстық айналадағы көсемдік қалыптағы азамат А-да Павлодар қаласының аймағында ойын бизнесіндегі ұйымдық топ құру қылмыстық ниет пайда болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың орнын азамат А. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД «АП – 162/2» ММ мекемесін таңдады, сонда сотталғандардың арасында құмарлық ойындарды (қарт, нарда) ақшаға ойнауды өткізіп ойындық бизнес сферасында қылмыс жасау үшін  ұйымдасқан топ құрды.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа азамат А. аталған түзеу мекемесіндегі К.сотталғанды қатыстырды. Сотталған К.өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін біле тұра, жазасын өтеу кезеңінде «аймақтың қараушысы» бола тұра, азамат А-мен ұйымдасқан топқа кіреді. Кейін сотталған К. ойындық бизнес саласындағы қылмыс жасау үшін аталған мекемедегі  сотталған М-ды қатыстырып, «ойын қараушысы» етіп тағайындады.
Осылайша, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД «АП – 162/2» ММ мекемесінде, ойындық бизнес саласындағы қылмыс жасау үшін, алу механизмдері, заңсыз табылған ақша қаражаттарын сақтау қылмыстық рольдері бөлінген  тұрақты ұйымдасқан топ құрылған. ҰҚТ тұрақты құрамына  «аймақтың қараушысы» - сотталған К. және «ойын қараушысы» - сотталған М. кірген.
Қазіргі уақытта сот тергеуі жүргізілуде. 

Қайнар: 
Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі