Ювеналдық соттағы оқу семинары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылға арналған оқу жоспарыа сәйкес, "Қазақстан Республикасы ратификациялаған ювеналды сот ісін жүргізуде халықаралық шарттар" тақырыбына семинар өтті.

Судья М.А.Иванова өз баяндамасында, 2016 жылы шешім шығарумен - 379 азаматтық іс қаралған. Соның ішінде, балалар құқықтары туралы Конвенцияның нормаларын қолдана отырып - 306 іс бойынша шешімдер шығарылған; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні қолданумен - 60; әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қолданумен -13.

Балаларға қатысты сот төрелігі бұл – соттардың қызметі, балаларға қатысты халықаралық нормаларды қолдану бағытталған, ұлттық заңнама нормаларын қатар қолдана отырып, балаға мейір сот практикасын белгілеу мақсаты үшін.

Балалар құқықтарын қорғау іске асыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар сотқа ықпал етеді.

Ратификацияланған халықаралық нормаларды сот практикасында белсенді қолдануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен 2008 жыл 10 шілде "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" нормативтік қаулысы қабылданған.

Судьялар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлігі болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі