Заң шығарушылық. Пікір мен тәжірибе дағдысын ескере отырып

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 12, 14 ақпанында Павлодар облыстық соты төрағасы Ә.Қаженовтың Парламент Сенатының депутаттары В.Бобровпен, Е.Жұмабаевпен, А.Күзековпен, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Бегентаевпен, А.Перуашевпен, А.Нұркинамен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өңдеген, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заң жобаларына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімін азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына ұсыныстар талқылау жөнінде жұмыс кездесу өткізілген болатын. 

Сондай-ақ, Қылмыстық Кодексі, Қылмыстық іс жүргізу Кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің жобаларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен ұсынылған ұсыныстар талқыланған болатын.

Жалпы айтқанда, депутаттар тұжырымдылық мәселелер қатары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұстанымын қолдады және осы ұсыныстар бойынша өз елестерін білдірді.

Қорыта келе, облыстық сот төрағасы Ә.Қаженов депутаттарға алғыс білдіріп, заң шығару қызметінде сәттілік тіледі.

Павлодар облыстық сотының
баспасөз қызметі