Зейнеткер алкогольді өнімдерін сақтап және сатқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен А. зейнеткер азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2017 жылдың 15 мамырында алкогольді өнімді сақтау және ҚР заңымен белгіленген тыс жерде, ең төмен бөлшекті бағамен сату фактісі анықталды,яғни өз үйінде акциздік маркасыз 21 шөлмек арақты сақтап, оның ішінен 2 шөлмекті 700 теңгеге азамат П. сатқан.

Сот отырысында И., өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Зейнеткер болуына байланысты және басқа табыс жоқтығын көрсетіп, қатаң жазаламауын сұрады.

Павлодар облысы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшының қорытындысына сәйкес,шыны шөлмектегі сұйықтық спирт қосылған сұйықтық болып табылған, мықтылығы 19 шөлмекте 32% ор., ал 2 шөлмекте 41% ор. шамасында құрады.

Сот қаулысымен аз.И.,  ӘКБтК 282 б. 3 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 АЕК көлемінде, отыз пайыз төмендетуімен, акциздық тауарды тәркілеуімен,  79 415 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, И. азаматшыдан өткізілген сот сараптама үшін 80 461 тенге іс жүргізу  шығынддары  мемлекеттік пайдасына өндіртіп алынды.

  Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі