Железин аудандық сотымен бұрынғы жол полиция сержантына қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен Железин ауданының ІІБ жол патрульдік полиция қызметкері аға сержанті болып істеген Т-ға. қатысты жалған айғақтар беру фактісі бойынша  келісімдік іс жүргізу тәртібінде қылмыстық іс қаралды.  

Іс материалдарына сәйкес, ҚК 416-бабының екінші бөлігіне көзделген қылмыс жасауда айыпталған Д.К.Сыздыковқа қатысты қылмыстық іс бойынша Т. куәгер ретінде қатысып, сотқа дейін тергеу барысында және басты сот талқылауында жалған айғақ бергені үшін, соның нәтижесінде сотпен аталған факт бойынша шара қолдану үшін прокурордың атына жеке қаулы шығарылды.

Сот үкімімен Т.  ҚК 420-бабының бірінші бөлігіне көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімінде бас бостандығын шектеу жазасы мен пробация қызметінің бақылауында болу, сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі