Железин аудандық сотының мамандарымен істерді сот мұрағатына беру тәртібін зерделеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында «Істерді сот мұрағатына беру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова, жетекші маман- мұрағат қызметкері М.Сагнаев  және сот мамандары қатысты.
Мұрағат қызметкері М.Сагнаев істерді ресімдеуде, құруда және мұрағатқа уақытылы тапсыруда сот қызметкерлері тікелей жауапты болатынын және 2012 жылы 21 маусымда бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының  № 217 өкімінің талаптарын басшылыққа алуға міндетті екенін атап өтті.
Семинар соңында қызметкерлер өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі