Жер мемлекетке қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында Павлодар қаласы әкімінің арызы бойынша «Павлодар қаласының жер қатынасы бөлімі» ММ-не, А., Д., Г. азаматтарына қатысты жер учаскелерін жалға алу, сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп тану және мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы азаматтық іс қаралды.

Істің міндеттемелерінен 2005 жылдың сәуір айында Павлодар қаласы акиматының қаулысы бойынша азаматша А-ға бөлінетін жер учаскелеріне гүл павильондарын орнату мен қызмет көрсету үшін 10 жылға уақытша жерқолданым құқығы берілгені анықталды.

 Ары қарай сатып алу – сату келісіміне сәйкес жер учаскесінн жалға алу құқығын азаматша А жауапкер Д-ға сатты.

Павлодар қаласы №2 сотының 2009 жылдың 26 ақпанындағы үкімімен Павлодар қаласы Акиматының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі А-ға уақытша жерқолданым құқығын беру туралы қаулысы жер заңнамасының нормалары талаптарының бұзушылықтарымен шығарылғаны анықталды.

Сот отырысындағы жағдайлармен А-ға жер учаскесін беру құқығы заңсыз деп танылғаны және жергілікті атқару оганының актісінен бас тартылғаны анықталды. Жер учаскесіне құқық беретін акттен бас тарту бұл мүлікпен орнатылған тәртіпте қолдану мүмкіндігін жояды. Бірақ, бұл жағдайға қарамастан, мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнама беретін уәкілеттерді орындамау жер учаскесіне мәміле жасасумен байланысты заңсыз іс-әрекеттерге әкеліп соқты.

Осыған байланысты жауапкерлер арасында жасалынған жер учаскілерін сатып алу – сату мен жалға алу келісімдері сотпен заңсыз деп танылды, мәмілелерді жарамсыз деп тану қорытындысынан жер учаскелеріне мемлекеттік меншікке берілді.

Шешім заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі