ЖҰМЫС КЕЗДЕСУ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық соты 2014 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау үшін мамандандырылған күзет қызметінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Жұмыс мәжілісіне сот төрағасы Е.И. Идиров, Павлодар облысы МҚҚБ Ақсу қалалық полиция ротасының командирі полиция подполковнигі М.Н.Иманбаев, сот мамандары және күзет қызметінің жеке құрамы қатысты.

Сот ғимаратының ішкі объектілік және рұқсатнама жүйесі тәртібін сақтауға қатысты сұрақтар талқыланды, сонымен қатар күзет қызметінің басшысы сот ғимаратының инженерлік-техникалық жағдайын мемлекеттік қорғауға жататын объектілерді нығайту бойынша талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы сұрақтар көтерді.

Май аудандық сотының
баспасөз қызметі