Астана күнімен құттықтау

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Павлодар облыстық соты ұжымының атынан - Астана күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлестерін қосуда.

Атаулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілеймін.