ҚР Конституциясы күнімен құттықтау

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Құрметті әріптестер және сот қызметкерлері!

    Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 19 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өттік. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, құқықтық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәйекті саяси еркі, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз.

    Сіздерді тағы да Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!