Алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 17 қарашада Павлодар қаласының № 2 соты лауазымды адамның егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру және алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен алаяқтық жасау фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1) 2) тармақшалары, 190-бабы 3-бөлігі 1) 2) тармақшалары) қылмыстық істі қарады.

Сот нені анықтады

Сотталушылар Б. және К., лауазымды тұлғалар бола тұра (Павлодар облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары лауазымында Б. және К. жедел уәкіл), жәбірленуші О.-ның қос азаматтығы бар екенін біле тұра, қызметтік бабын пайдалана отырып,  алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен оның 10 000 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Бұл ретте сотталушы Е. сотталушыларға көмек көрсеткен.

Тараптардың ұстанымдары

Прокурор сотталушылар Б. мен К.-ға 5 жыл, Е.-ге 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші бұл мәселені соттың қарауына қалдырды.

Сотталушылар Б. және Е. кінәсін толық мойындады, сотталушы К. кінәсін мойындамады.

Соттың шешімі

Сотталушылардың жасаған қылмыстық әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады, ол үшін заң бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – сотталушылардың асырауында жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайларды сотталушылар Б. мен К.-ның қабылдаған антын бұзу арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасауын ескерді.

Сот әрбір сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы рөлін ескере отырып, барлық сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен Б.-ға 4 жыл 6 ай, К.-ға 4 жыл, Е.-ге 3 жыл тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі