Автобус кондукторы былапыт сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзу (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі), яғни ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотпен 51 жасар К. автобустың кондукторы болып № 1 маршруттық автобус салонында, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзып, жолаушыны автобустан итеріп тастағаны, сонымен ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сотта азаматша К. кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді және жанжал жолаушы зейнеткер төлемақыны толық көлемде төлемегендіктен басталғанын түсіндірді, бірақ кондукторға растайтын құжаттарды көрсетуден бас тартты.

Сот азаматша К.-ны ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және мемлекет пайдасына 14 585 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі