БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 1 тамызда Павлодар қаласының № 2 соты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру (К.-ға қатысты) және қатысу фактісі бойынша К., Б., Д., Е., А. және С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотпен не анықталды:

2022 жылдың 5 қаңтарында Павлодар қаласында К., Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты алдында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, Д. және Б.-мен бірге оларды шақырған. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздікке Б., Е., А., С. қатысып, Е. полиция қызметкеріне қатысты күш қолданған.

Қ.-ның және жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде облыс әкімдігінің ғимаратына 2 131 168 теңге, «Т» ЖШС 227 200 теңге, жәбірленуші А.-ға сомасы 456 346 теңге мүліктік залал келтірілді.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық айғақтармен, бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

 

Тараптардың ұстанымдары:

Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, қалғанына қатысу дәрежесіне қарай бас бостандығынан айыруды, шартты түрде соттауды және бас бостандығын шектеуді тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер жаза бойынша соттың қалауына сүйенді.

К. мен Б. өз кінәларын ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Е., А., С. және Д. кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот не үшін және қандай жаза тағайындады

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін (ҚК 272-бабының 1-бөлігі) 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) - 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін (ҚК 272-бабының 3-бөлігі) – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін (ҚК 380-бабының 1-бөлігі) – заңда жазаның баламалы түрлері қарастырылған, ең көбі – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Үкімді тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды: кінәсін ішінара және толық мойындау, жасын ескерді.

Ауырлататын мән-жайлар К.-да қылмыстардың қайталануын ескерді.

Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып.

Сотпен:

К.-ға 6 жыл бас бостандығынан айыру,

Б.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру,

Е., А. және С.-ға 3 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру, Д.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі