Сот айып төлеуді өндіріп алудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің бірінші сатыдағы бас тартылған соттың шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша С.-ның К.-дан айып төлеуді өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Іс бойынша тараптар арасында қолхатпен рәсімделген қарыз шарты жасалғаны, оған сәйкес жауапкер 2014 жылдың 15 наурызына дейін талапкерге 3 000 000 теңге төлеуге міндеттенгені анықталды. Алайда, көрсетілген мерзімде жауапкермен міндеттемелер толық көлемде орындалмаған.

Бірінші сатыдағы сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім (бұдан әрі – Шарт) бекітілген, оның талаптары бойынша К., С.-ның алдындағы 4 802 000 теңге сомасындағы қарызды мойындады және осы соманы бір жыл ішінде тең төлемдермен төлеуге міндеттенді.

Кейіннен К., Шарттың талаптарын орындамаған, осыған байланысты атқару парағы ресімделіп, өндіріп алушыға (талап қоюшыға) берілген.

Атқару парағы талап қоюшымен екі рет сот орындаушысына орындауға ұсынылып, оны орындаудан қайтарып алған.

Жауапкер талапкерге берешегін 2023 жылдың 22 қаңтарында толық өтеген.

С., анықталған талаптарды ескере отырып, жауапкер К.-дан 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 22 қаңтарына дейінгі мерзімге 1 699 000 теңге айып төлеуді өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, оны Шарт бойынша ұзақ мерзім бойы қарыз сомасын қайтармаумен уәждеді.

Шағымдалған шешіммен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Бұл істі қараған кезде алқа төмендегідей шешім қабылдады. Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің (әрі қарай - АК) 293-бабына сәйкес борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

АК 298-бабында мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады.

Бұл дауда ұқсастығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» № 7 Нормативтік қаулысының 15 тармағындағы түсініктемені, егер қарыз берушіде аталған құқықтық қатынас бойынша заңды күшіне енген сот шешімі болса, онда тараптардың құқықтық қатынастары банктік қарыз шартынан емес, сот актісінен жалғасатынын ескеру қажет.

Шартты бекіту туралы ұйғарым болған жағдайда, жауапкердің талапкер алдында қарыз шарты бойынша емес, айып төлеуді өндіріп алуды көздемейтін сот актісімен бекітілген Шарт негізінде қарызы бар болады.

Осыған байланысты, шағымдалған шешім өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдарылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі