Жедел жәрдем жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жедел жәрдем станциясының жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта азамат О.-ның «жедел жәрдем» көлігін басқарып Торайғыров көшесімен жүріп қарсы бағытқа шығып кеткені және сол бағытта келе жатып солға бұрылу маневрін жасай бастаған азамат Б.-ның басқаруындағы «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы О. кінәсін мойындамай, 2023 жылдың 28 тамызында сағат 12:30 шамасында 1 санаттағы шұғыл шақыру алғанын түсіндірді.

Назарбаев даңғылынан Химгородокқа қарай жылжыды, ал жоғарыда аталған жерде басқа автокөліктер оған жол берген, сол жақ шеткі жолақпен жүрген, корпустың жарты бөлігімен үздіксіз сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққан. Жәбірленушінің көлігі оның алдында келе жатқан, ол оны көрмеген және естімеген, дегенмен де ол автобекеттен қоңырау түскен кезден сирена және жыпылықтаған шамдарын қосып қозғалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы азамат О-ның, кінәсі әкімшілі құқық бұзушылық туралы хаттамамен, көлік құралдарының қозғалысын көрсете отырып, ЖКО схемасымен; жолда орналасқан  жері, ЖКО-дан кейінгі автокөліктердің соқтығысқан жерімен және орналасқан жерімен, алынған механикалық зақымданулармен; ЖКО қатысушыларынын жазбаша түсіндірмелері олардың соттағы айғақтарына сәйкес келетіндігімен, ЖКО жасалған сәт тіркелген бейнежазбамен расталды.

Сот жедел жәрдем жүргізушісін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.       

Қайнар: 
Пресс-служба специализированного суда по административным правонарушениям города Павлодара