«Сот кабинеті» тақырып бойынша Павлодар облыстық адвокаттар алқасымен қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шараға Павлодар облыстық адвокаттар алқасы мүшелері М.Мусинов, А.Тулегенов, Б.Мукашев, кеңсе меңгерушісінің міндет атқарушы С.Кабдыгалиев және сот мамандары қатысты.
Жиналғандардың алдында С.Кабдыгалиев электрондық кілті арқылы электрондық өзара іс-қимыл пайдалана отырып сот кабинеті арқылы сот өндірісін жеңілдетуге еске салды. Сондай-ақ С.Кабдыгалиев сот кабинет сервистің қолданыстағы барлық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Адвокаттар сот кабинеті сервистің ыңғайлылығын және тиімділігін бағалады, өйткені ол уақытты және қаржылық шығындары үнемдейді. Сондай-ақ өтініштің мәртебесін көру мүмкіндігі ерекше атап өтілді.
Осы сервисті пайдалану және жұмысы туралы барлық қызықтырған сұрақтар бойынша С.Кабдыгалиевпен жауаптар берілді.