Ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс қаралды
2024 жылғы 26 сәуірде Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырумен психотроптық заттарды, сол тектестерді ірі және аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша, 9 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты (ҚК 262-б. 2-б., 297-б. 4-б.), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының біріне қатысты есірткі құралдарын жеке пайдалануы үшін өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша (ҚК 296-б. 2-б.) қылмыстық істі қарады.