Азаматтық процесстегі татуластыру рәсімі сұрақтары тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «азаматтық процесстегі татуластыру рәсімі сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға соттың судьяларымен кәсіби медиатор И.В.Седлецкая, Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының №2 заң кеңес меңгерушісі Г.Т.Султанбекова қатысты.

«Ювеналдық сот ісін жүргізу партисипативтік рәсімін колдану ерекшелігі» тақырыбында Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының №2 заң кеңес меңгерушісі Г.Т.Султанбекова сөз сөйледі.

Балаларды тәрбиелеу даулар бойынша медиация келісімін рәсімдеу тәжербиесі туралы кәсіби медиатор И.В.Седлецкая сөз сөйледі.

Балалардың мүддесінде заңды өкілдердің келісімге келу өзекті сұрақты және сот тәжербиесі туралы судья М.А.Иванова сөз сөйледі.

Қатысушылар ювеналдық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін колдану өзекті сұрақтарын талқылауға белсенді қатсты.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі