Баянауыл аудандық сотында сот шешімнің орындалуына жүгіну бойынша семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баянаулы аудандық сотында тақырыбында соттың төрағасы, кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен «Сот шешімнін орындалуына жүгіну. Атқару парағының үзінді көшірмесі» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.
Тақырыпты талқылау барысында сот актілерінің  және атқару парақтарының орындалу тәртібіне  аса мән берілді. Дереу орындалу жағыдайларынан басқа, шешім заңды күшіне енген соң орындалуға жүгінеді. Шешім заңды күшіне енген соң атқару парағы жазылады.
Атқару парағы сот актісінің үш жұмыс күн ішінде заңды күшіне енген соң немесе жоғары тұрған соттан іс қайтарылған жағдайда жазылады. Атқару парағы электрондық құжат айналымы ретінде, судьяның электронды қолтаңбасымен куәландырылады.
Семинар қорытындысы бойынша түйінді сұрақтар талқыланды, жұмыста тәжірибелік қолданысқа қолдану үшін ұсынымдар әзірленді.

Источник: 
Баянауыл аудандық сотының баспасөз кызметі