Архив событий

06/04/2017

Заңсыз құрылыс

06/04/2017

Павлодар қаласының мандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен Алматы қаласының тұрғыны (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл және 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды

06/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Павлодар қаласының тұмасы қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылы 26 қаңтар күні А. Павлодар қаласының Абай-Толстого көшелерінің қиылысында оңтүстік бағытымен «Ниссан» маркалы, автокөлігін басқара отырып, көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылап алмай белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықты сақтамай, жүргіншіні қағып кеткен, соқтығыстан кейін, қарама-қарсы жолға шығып кетіп, Абай көшесінде бағдаршамның жүруге тыйым салынған жерде тұрған «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысты.

Есірткі затының контрабандасы

06/04/2017

Железин аудандық сотымен  ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімі, 286-бабының 1-бөлімімен (есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, котрабанда) Б.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Мас күйінде көлік басқару

06/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, алкогольді мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 наурызында сағат 02.00. шамасында азамат А. алкогольді мас күйінде «Volksvagen Passat» маркалы автокөлігін басқарған.

Қаулыны орындамау

06/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен сот шешімін орындамау фактісі бойынша К.-ға қатысты іс қаралды.

Сотпен азамат К. ӘҚБтК-ның 441-бабының бірінші бөлігіне көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сотта істі қарау кезінде айыппұл төленбеген.

Сот отырысында К. кінәсін толық мөлшерде мойындап, тұрақты жұмыс болмағандықтан айыппұлды төлеуге материалдық мүмкіндік жоқ екенін және қандай да бір табыс көзі жоқтығын түсіндірді.

Дүкендегі былапыт сөздер

06/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А.ӘҚБтК-нің 434-бабының бірінші бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды.

Сотпен азамат А. қоғамдық орында бола тұрып, 2017 жылғы 29 қаңтарда Екібастұз қаласының М.Жүсіп көшесінде орналасқан дүкенде қоршаған ортаға сыйламаушылық көрсете отырып, азаматшалар Б. мен К.-ның атына былапыт сөздер айтып, олардың атына адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі тәулікке қамаққа алынды

06/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, М. 2017жылғы 26 ақпанда саған 00.00 шамасында Ломов көшесінде орналасқан СТО-ның жанында бола тұрып, былапыт сөздерді айтып әдейі бөтелкені қақпаға лақтырған.  

М. сотта өз кінәсін толық мойындады.