Архив событий

12/06/2017

Баянауыл аудандық сотының сот приставы М.Діншенің жүргізуімен «Сот ғимаратында азаматтардың кіріп шығуын реттеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өтті

12/06/2017

Шараға сот төрағасы Д.С.Салатов және сот мамандары қатысты.

Семинарда аталған тақырып бойынша сот приставы М.Дінше баяндама жасап, мамандарға сот ғимаратына кіріп-шығу кезінде ереже талаптарын қатаң сақтау тиіс екенін, сонымен қатар, ережеде бірінші кезекте судьялардың, қызметкерлер және сотқа  келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделгені жөнінде айтып өтті.                                      

Екібастұз қалалық сотында куратордың қатысуымен судьялардың жұмыс кеңесуі өтті

12/06/2017

Павлодар облыстық сотының жоспарына сәйкес судья Г.А. Альжановпен  Екібастұз қаласына шығуымен  Екібастұз қалалық сотының  жұмыс жағдайы зерттелді,  2017 жыл 5 ай мерзімде  азаматтық істерді қарауда судьялармен АПК аталаптарының сақталуы тексерілді,  тәжірибелік көмек  көрсетілді  және нақты істерді шешу бойынша және АПК талаптарын сақтау жөнінде  кеңес тер берілді.

Лауазымды тұлға субсидиарлық жауапкершілікке тартылды

12/06/2017

Салық органының мәлімдемесі бойынша, сот шешімі «Б» ЖШС банкрот болды деп таныды, банкроттық  рәсімді қозғау шарасымен. Уәкілдік берілген мемлекеттік органнын бұйрығы бойынша ЖШС-тің банкроттық баскарушысы тағайындалған.

Банкротты баскарушы,талдау нәтижесінде кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі борышкердің ақша құралдарының,көлік,мүлік және өзге де материалдық құндылықтар есебінен болатын жалғыз кредитордың  РММ «Мемлекеттік кіріс басқармасы» берешегін өтеуге болатын еді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен «Сот органдарына хаттарды, материалдар мен істерді жолдау» тақырыбына семинар өткізілді

12/06/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен «сот органдарына хаттарды, материалдар мен істерді жолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Іс шараға Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

Аталған іс шараның мақсаты сотқа жүгінудің жолдарын жеңілдететін қолданыстағы сервистер туралы ақпараттарды тұрғындарға жеткізу.

ҚР Заң талаптарын бұзуды жою туралы ұсынысты орындамағаны үшін айыппұл салынды

12/06/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «ЖЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) әкімшілік істі қарады.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша семинарлық сабақ

12/06/2017

Шарбақты аудандық сотының қызметкерлерімен «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған семинар өтті.   

Кеңсе меңгерушісі  Ж.Бердиева   «Төрелік» бағдарламасымен кіріс –шығыс құжаттарын тіркеу, оларды тиісті құжаттармен байланыстыру, шығысталған құжаттарды тіркеу, тізімін әзірлеу, ШПИ бөлігін толтыру тәртібімен түсіндірме жүргізді.

Сондай ақ, мамандарға электронды атқару парақтарын «АИС ОИП» жүйесі арқылы жолдау қағидасы түсіндірілді.

Павлодар облысының Ювеналдық сотында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы" тақырыбында семинар өтті

12/06/2017

2017 жылғы 08 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы" тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға "Павлодар қаласының ішкі істер бөлімі" ММ ювеналды полиция бөлім шелерінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы,  "Павлодар қаласының білім беру бөлімі" ММ қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатысты.

«Алтын белгі» үміткерлердің түлектері үшін ашық есік өткізілді

12/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні шеңберінде «Алтын белгі» үміткер  атағы және мектеп бітірген №9 ЖББОМ-нің оқушылары шақырылды. Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Кабдыгалиев болашақ әріптестер үшін қызықты және мазмұнды экскурсия өткізді. Жетекші маман А.Селиванова түлектерге сот құрылымы және лауазымды қызметкерлердің міндеттерін туралы әңгемеледі. Бас маман сот отырысының хатшысы Ж.Даутова қонақтарға сот процесі және оны өткізу тәртібі туралы атап шықты.