Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді
Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға сот төрағасы Ұ. Рахимбергенова, кеңсе меңгерушісі З. Жүнісбаева, сот приставы мен сот мамандары және МКҚБ қызметкерлері қатысты.
Семинар өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу режимінің талаптарын сақтау болып табылады.