Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 сотымен "Облыстық балалар психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "КММ-нің 3 тәрбиешісі мен 13 санитарларына қатысты 16 қылмыстық іс қаралды.

Барлық істер жабық режімде қаралды, өйткені, олар кәмелетке толмаған жәбірленушілердің мүдделеріне қатысты болды.

Прокурормен  қандай айып тағылып отыр.

Аталған тұлғалардың барлығы ҚК - нің 110-бабының 2-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша айыпталды - азаптау (денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірілмеген).

Сотпен не анықталды

Сотталушылар психоневрологиялық ауытқулары бар балаларды  күндізгі демалыс уақыты мен түнгі уақытта жіппен кереуетке байлап отырған.

Сот сотталушылардың кінәсі дәлелденді деп  есептеп, айыптау үкімдерін шығарды.

Тараптардың ұстанымдары

Прокурор барлық сотталушыларға бас бостандығын шектеуді сұрады.

Жәбірленушілердің заңды өкілдері (ата-аналары) мен адвокаттар прокурормен келісті.

Соттың жазалау бойынша шешімі

Қаралған 16 істің 12-сі процестік келісімімен келіп түсті. Прокурор мен сотталушылардың арасында жасалған осы келісімдер бойынша, жәбірленушілер ата-аналарының келісімімен олар соттан бас бостандығын шектеуді сұрады. Заң бойынша сот келісімде көрсетілгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқығы жоқ.

4 іс жалпытәртіпте қаралды.

ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің (қылмыстар 2019 жылыжасалған) санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Заң бойынша, егер онша қатаң  емес  жазаны тағайындауға негіздеме болмаған жағдайда ғана,  аса қатаң жаза тағайындалады.

Сотталушылардың бұрын сотталмаған, кәмелетке толмаған балалары бар екені анықталды (соттың бұл мән-жайды жеңілдететін мән-жай деп тануға құқығы жоқ). Айыптау актілерінде ауырлататын мән-жайлар көрсетілмеген.

Осыған байланысты сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

 

Источник: 
Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі