Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 соты Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/2 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім отрядының бұрынғы басшысы Н.-ға қатысты қызмет бабын пайдаланып бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды.

 

Сотпен анықталды

Н. 2019 жылдың қыркүйегінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде сотталған Т-ны. жеке қорғанысқа алуын сылтаулатып, одан 80 000 теңге көлемінде қаражат алды.

2019 жылдың желтоқсанында дәл сондай тәсілмен сотталған Х.-ның 440 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алған.

Бұл мән-жайлар жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, банк аударымдарының үзінді көшірмелерімен дәлелденді.

 

Тараптардың ұстанымдары

Сотталушы ақшаны өзіне емес, отрядты жөндеуге алғанын түсіндіріп, өзінің кінәсін мойындамады.

Жәбірленушілер жаза бөлігінде соттың қарауына қалдырды.

 

Сот шешімі

Жаза тағайындау кезінде сот қабылданған анттың бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сот үкімімен Н. 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындалды.

Н. «әділет аға лейтенанты» атағынан айырылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі