Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласының №2 соты Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-і сотталғандар жасағының бастығы, әділет капитаны У.-ға қатысты лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану фактісі (ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3) тармақшасы) бойынша қылмыстық істі қарады.

         Сотпен анықталды:

         2022 жылдың ақпан және сәуір айларында сотталғандар отрядының бастығы У., өзіне пайда табу (материалдық баю) мақсатында сотталған К.-ның өтініші бойынша заңсыз түрде мекеме аумағына тыйым салынған заттарды – смарт сағат пен ұялы телефонды әкеліп берген. Осылайша, ол өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік органның қалыпты жұмысына айтарлықтай зиян келтірді.

         Тараптардың ұстанымдары:

         Прокурор У.-ға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

         У., кінәсін мойындамады және ақтауды сұрады.

         Сот шешімі:

         Қылмыстық заңда У.-дың жасаған әрекеті үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

         Заң сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғаларға неғұрлым қатаң жаза тағайындауды көздейді.

         Жоғарыда айтылғандарды, жасалған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстың қоғамдағы қауіптілік дәрежесін, қоғамның мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіруін ескере отырып У. кінәлі деп танылды және оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Сондай-ақ, У. «Әділет капитаны» арнайы атағынан, өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Источник: 
Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі