Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Павлодар қаласының  №2 сотының 2022 жылғы 26 қаңтардағы шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту қаулысына сотталған Б. Бақауовтың жеке шағымы бойынша материалды қарады.

Б. Бақауов заңға бағынатын мінез-құлқын, жағымды мінездемелерін ескере отырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады. Осы уақытқа дейін ол заңмен белгіленген мерзімді өтеді. Бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі 1 жыл 6 ай 22 күнді құрады.

Тараптардың ұстанымдары

Апелляциялық сотта сотталған Б. Бақауов және оның адвокат-қорғаушылары бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа қаулы шығаруды сұрады.

Прокурор сотталушының шағымы негізсіз, сондықтан бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын деп қорытынды берді.

Сот шешімі

Апелляциялық сатыдағы сот Б. Бақауов өзін түзеу және келешекте қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу үшін оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді жалғастыру қажет еместігін куәландыратын фактілерді анықтамады.

Осыны ескере отырып, сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз, сотталған Б. Бақауовтың жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі