Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының ҚР ӘҚБтК-нің 234-1 бабы бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдаланғаны үшін Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандырылған сотында Павлодар облысының полиция департаментінің бұрынғы бастығына екі іс қаралды.

Сот полиция Департаментінің бюджеттік  қаражатты жоспарлау кезінде  қызметтік жануарларға жем сатып алу кезінде табиғи нормаларды асыра көрсетуден көрінтін заңнаманы бұзғанын анықтады.

2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге қаражат бөлінді. Алайда, полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 10 693 000 теңгеге азықтандыру нормасын асыра жоспарлаған.

2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге қаражат бөлінді. Алайда, полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 8 503 400 теңгеге азықтандыру нормасын асыра жоспарлаған.

Тиімсіз жоспарлау тиімсіз мемлекеттік қаражатты пайдалануға әкеп соқты.

Полиция департаментінің бұрынғы бастығының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларымен, тексеру қорытындылары, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтар және сот зерттеген өзге де дәлелдемелермен дәлелданді.

Сот әкімшілік жаза түрінде әр іс бойынша 214 410 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Сонрымен қатар сот Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы  ММ-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде іс жүргізу процессуалдық нормаларын бұзғаны үшін жеке қаулы шығарды.

 

Источник: 
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз-қызметі