Жалпы отырыс Регламенті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2007 жылғы 17 сәуірдегі

Павлодар облыстық соты

жалпы отырысының

(2010жылдың 14 шілдедегі,

2012 жылғы 13 желтоқсандағы,

2016 жылғы 09 қаңтардағы,

2018 жылғы 17 мамырдағы өзгерістерімен)

қаулысымен бекітілген

 

 

Павлодар облыстық сотының

жалпы отырыс Регламенті

 

 1 Бөлім. Жалпы мәселелер

 

1-тармақ. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес жалпы отырыс облыстық соттың органы болып табылады. Оның мәртебесі, құзыреті, отырыс жүргізу шарттары мен тәртібі, облыстық сот төрағасының, жалпы отырыс хатшысының құзыреті, жалпы отырысқа мәселелерді дайындау процедуралары Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заңымен, «Сот жюриі туралы Ережегемен» және осы Регламентпен анықталады.

2-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы:

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын анықтайды;

2) облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

3) сот тәжірибесін талқылайды және оны жалпылау қорытындысы бойынша облыс соттарымен сот төрелегін жүзеге асыруда заңдылықтың сақталу мәселелерін қарастырады;

4) өкілетті органға облыстағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына тұлғаны тағайындауға келісім береді;

5) облыстың қалалық, аудандық және мамандандырылған соттар төрағаларының олардың қызметтері туралы есептерін тыңдайды;

6) өкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының оның қызметі туралы есебін тыңдайды;

7) облыстық және аудандық сот судьясы, аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураларды қарастырады және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар шығарады;

8) өкілетті органға облыстағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

9) судья лауазымына үміткерлердің тәжірибеден өту қорытындысын қарастырады және тиісті қорытынды береді;

10) алынып тасталынған;

11) жалпы отырыс хатшысын бекітеді;

11-1) жалпы отырыс төралқасының регламентін бекітеді;

2-тармақ 11-2) тармақшасымен  2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен толықтырылды

11-2) Павлодар облыстық сотының екі судьясын 2 жыл мерзімге жалпы отырыс президиумының құрамына сайлайды

12) алынып тасталынған;

13) алынып тасталынған;

14) лауазымға жаңадан тағайындалған облыстық соттардың алқа төрағалары мен судьяларынан, аудандық және оғана теңестірілетін соттар төрағалары мен судьяларынан ант қабылдайды.

15) судьялық жұмыста (қызметте) үш жылға дейінгі өтілге ие алғашқы тағайындалған судьялармен жетекшілік жұмыстардың нәтижелері шығарылады;

         16) кадрлық резерв бойынша облыстық комиссиямен ұсынылған кадрлық резерв тізімдерін бекітеді;

16-1) судьяның отставкаға шығу құқығын растау туралы өтінішін қарап, тиісті шешім шығарады;

17) заңмен қаралған өзге де құзыретті жүргізеді (2010 жылғы 19 наурызы мен 14 шілдедегі, 2012 жылғы 13 қаңтардағы басылымында, 2015 жылғы 04 желтоқсандағы басылымында).

3-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары және облыстық соттың судьялары құрамында әрекет етеді және облыстық сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмаған жағдайда құқылы.

4-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы жылына кемінде екі рет шақырылады. Кезектен тыс болатын жалпы отырыс облыстық сот төрағасының бастамасымен шақырылады. Жалпы отырыстың күн тәртібіне қарайтын ұсыныстарды жалпы отырысқа қатысушылар енгізе алады.

5-тармақ үшінші азат жол 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен толықтырулар енгізілді

5-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі.

Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етушінің және жалпы отырыс хатшысының қолы қойылады.

Жалпы отырыс хаттамасын облыстық сот кеңсесінің мемлекеттік қызметкерлері ішінен тағайындалған техникалық хатшы байланыстың техникалық құралдарын қолданумен жүргізеді.

5-тармақ 5-1) тармақшасымен 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен толықтырылды.

5-1) жалпы отырысты өткізген кезде отырыс залында мобильді телефондар мен байланыстың басқа құралдарын қолдануға тыйым салынады.

6-тармақ. Жалпы отырыс хатшысының кворумның бар екенін және жалпы отырыс жұмысына қатысуға шақыртылған тұлғалардың қатысып отырғаны баяндалғаннан кейін кейін отырысты ашу туралы мәселе шешіледі.

7-тармаққа 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен өзгерістер енгізілді

7-тармақ. Жалпы отырыста дауыс беру ашық немесе құпия түрде жүргізіледі. Ашық дауыс беру дауыстар теркеудің электронды жүйесін қолданумен немесе қол көтеру арқылы өткізіледі. Құпия түрде дауыс беру бюллетендерді қолданумен жүргізіледі.

Күн тәртібі, оның қосымшалары және жұмыс тәртібі облыстық сот қатысушы судьяларының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.

Сөз сөйлеушілер регламенті: негізгі баяндама 20 минутқа дейін, ақпарат беру 10 минутқа дейін, баяндамалар бойынша сөз сөйлеулер 5-10 минут, қосымша және қосалқы пікір берушілерге 3 минут беріледі.

8-тармақ. Төрағалық етуші жалпы отырыс барысында отырыстың жалпы жүргізілу барысын басқарады, осы Регламент ережелерінің сақталуын қадағалайды;

Сөз сөйлеуді кезек тәртібімен, күн тәртібіне, осы Регламент талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешімімен анықталған өзге тәртіпте сөз ұсынады;

айтылып жатқан мәселе бойынша кезектен тыс сөз ұсынады;

келіп түсу тәртібіне қарай әрбір ұсынысты дауысқа салады;

дауыс беру мен дауыстарды есептеуді ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жария етеді;

осы Регламент ережелері бұзылған жағдайда жалпы отырыс қатысушыларына ескерту бере алады, қайтадан бұзылған жағдайда сөз сөйлеуге тыйым салады;

Шақырылған тұлғаларды отырыс залына кіргізу тәртібін жалпы отырыс хатшысы анықтайды. Шақырылғандар жалпы отырыс жұмысына араласуға құқығы жоқ, бекітілген тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің өкіміне бағынуға міндетті.

Төрағалық етуші ескерту жасағаннан кейін жалпы отырыс жұмысына кедергі болушы шақырылған тұлғаларды отырыс залынан шығарып жіберуге құқылы.

9-тармаққа 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен өзгерістер енгізілді

9-тармақ. Жалпы отырыс қаулысы жалпы отырыста бар қатысушылардың қарапайым басым дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Кадрлық және өзге де мәселелерді қарау кезінде дауыс беру жасырын өткізілуі мүмкін.

10-тармақ. Рәсімдеу мәселелері бойынша жалпы отырыс шешімдері жалпы отырыста бар қатысушыларының көпшілік дауысымен дауыс беру арқылы қабылданады.

Рәсімдеу мәселелері болып күн тәртібін бекіту туралы, жүргізілу тәртібі, үзіліс туралы, отырысты кейінге қалдыру туралы, мәселелердің талқылану кезегі туралы, сөзжарысты тоқтату туралы, сөз сөйлеудің уақыт шегі немесе ұзартылуы туралы; дауыс беру әдістері туралы; қатысым мен дауыстарды есептеуді куәландыру туралы.

11-тармақ. Дауыс берілу алдында төрағалық етуші дауыс берілуге қойылған ұсыныстар санын көрсетеді, олардың рәсімделуін нақтылайды, түсіндіреді, берілген ұсыныстарды кері қайтаратындарды анықтайды, жалпы отырыс мүшелерінің дауыс беру әдісін анықтайды. (құпия немесе ашық түрде).

12-тармақ. Дауыс беруде облыстық сот төрағасы, алқа төрағасы және облыстық сот судьялары бір дауысқа ғана ие яғни ұсыныстарды қолдау немесе оған қарсы болу. Дауыстардың тең берілуінде шешім қабылдандайды.

13-тармақ. Құпия түрде дауыс берген жағдайда және оның нәтижелерін анықтағанда жалпы отырыс облыстық сотың үш судьясынан кем емес құрамда есептік комиссияны сайлайды. Есептеу комиссиясы өзінің төрағасы мен хатшысын сайлайды. Есептеу комиссиясының құрамына лауазымдық бос орынға немесе сайланатын орган құрамына ұсынылған тұлғалар ене алмайды. Жалпы отырыс есептеу комиссиясын сайлау туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

14-тармақ. Дауыс беру үшін қажетті ақпараты бар бюллетендер есептеу комиссиясы бекіткен нысан мен санда дайындалады.

15-тармақ. Дауыс беру уақыты мен орнын, оның жүргізілу тәртібін есептеу комиссиясы анықтайды және оны комиссия төрағасы хабарлайды.

16-тармақ. Әрбір дауыс берушіге мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған бюллетень беріледі. Кандидатуралар бойынша пікірлері үміткердің тегіне қатысты «қолдаймын» немесе «қарсымын» графаларын белгілеу арқылы айқындалады. Дауыс беруші өз қалауындағы тілде жазылған бюллетеньді таңдайды.

17-тармақ. Дауыс берушінің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмағанда бюллетень жарамсыз деп саналады. Егер бюллетеньде дауыс берушінің үміткерлердің біріне қатысты дауыс беру еркі айқындалса, ал басқа үміткерлерге қатысты ерік білдірулерін анықтау мүмкін болмағанда, онда дауыстарды есептеуде «қолдаймын» немесе «қарсымын» айдарларындағы ерік білдіру үміткерлердің пайдасына немесе оған қарсы деп ескеріледі. Бюллетенге қосымша жазылған тұлғалар есептегенде саналмайды.

18-тармақ. Мөрленген жәшіктерді (қобдишаларды) ашу есептеу комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Есептеу комиссиясы құпия дауыс беру нәтижелері бойынша есептеу комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттама жасайды. Жалпы отырыстың есептеу комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша ашық дауыспен есептеу комиссиясының хаттамасы бекітіледі.

19-тармақ. Облыстық соттың баспасөз қызметінде жалпы отырыс қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс ұйымдастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жалпы отырыстардағы өз қызметтерін Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

 

2 Бөлім. Алқа құрамдарын бекіту, сайлау, ұсынымдар беру,

үміткерлерді бекіту, Сот әділ-қазысына(жюриіне) материалдарды тапсыру туралы мәселелерді қарастыру, ақпараттар тыңдау, ант қабылдау

 

20-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын анықтайды және өзгереді. (2010 жылғы 14 шілдедегі басылымда)

21-тармақ. (2012ж. 13 қаңтар)

22-тармақ. (2012ж. 13 қаңтар)

23-тармақ. (2012ж. 13 қаңтар)

24-тармақ. Облыстық сот төрағасы ұсынысы бойынша облыстық сот судьялары арасынан тіркеуді есепке алуды ұйымдастыратын және жалпы отырыс материалдарын сақтайтын, жалпы отырысқа қатысушыларды алда болатын отырыс материалдарымен таныстыратын, қажетіне қарай, жалпы отырыс қаулыларын орындауға бағыттайтын жалпы отырыс хатшысы 2 жылдық мерзімге бекітіледі.

Жалпы отырысқа қатысушыларды алда өтетін отырыс материалдарымен таныстыру, ереже бойынша, он күннің ішінде жүргізіледі.

(2010 жылғы 14 шілдедегі, 2012 жылғы 13 қаңтардағы басылымда)

24-тармақ 24-1) тармақтарымен 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6 жалпы отырысының қаулысымен толықтырылды

24-1) жалпы отырыс хатшысы уақытша болмаған кезде облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін облыстық соты судьяларының біріне жүктейді. 

25-тармақ. Облыстағы өкілектті органның аумақтық бөлімшесі басшысының есебі, облыстық соттың сот алқасы төрағаларының, судьялардың ақпараттары бойынша жалпы отырыс қаулыларының жобалары баяндамашылармен мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және жалпы отырыс хатшысына мәжіліс басталғанға дейінгі он күн бұрын ұсынылады.

Судьяларды сайлау және қызметпен жіберу, сондай-ақ оларға ұсынымдар беру туралы қаулы жобалары облыстағы өкілектті органның аумақтық бөлімшесі басшысының кадрлық қызметінің қатынасуымен секретариатпен мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы жалпы отырысымен бекітілген Сот жюриі Регламентінің 3 тармағына сәйкес Сот жюриіне жолданатын жалпы отырыс қаулысына сол мәселе қаралған жалпы отырыс хаттамасының көшірмесі қоса беріледі. (2010 жылғы 19 наурызы мен 14 шілдедегі, 2012 жылғы 13 қаңтардағы басылымдар.)

26-тармақ. Облыстық соттың жаңадан тағайындалған сот алқаларының төралары мен судьялары, аудандық және оларға теңестірілетін соттар төрағалары мен судьялары тағайындалғаннан кейін 2 айдан кешіктірілмей жалпы отырыста ант қабылдайды.

Облыстық сот төрағасы сот алқасы төрағалығына, облыстық сот судьсы, аудандық (оған теңестірілетін) соттар төрағалары мен судьялары қызметіне тұлғаны тағайындау туралы Жарлықты жариялайды және ант қабылдауға шақырады.

Ант салтанатты түрде мемлекеттік немесе орыс тілде қабылданады.

27-тармақ. Судья лауазымының бос орынына кандидатуралар облыстық сот төрағасымен балама негізде ұсынылады. Кандидатуралар бойынша лауазымға ұсынымдар беру немесе ұсынымдар беруге қарсылық туралы шешім қабылданады.(2010 жылдың 14 шілдесінде толықтырылған)

 

3 Бөлім.

Қорытынды ережелер

28-тармақ. Жалпы отырыс жұмыстары үшін жағдай жасау, отырысқа қатынасушыларға материалдар ұсыну, отырыс залын техникалық қамтамасыз ету облыстық сот кеңсесіне жүктеледі.

29-тармақ. Регламент қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

30-тармақ. Жалпы отырыс регламентіне өзгертулер мен толықтырулар отырыста қабылданады және қаулымен рәсімделеді

31-тармақ. Осы Регламенттің ережелерін түсіндіру жалпы отырыста жүзеге асырылады.

 

Павлодар облыстық сотының

2016 жылғы «29» қаңтардағы

жалпы отырысының қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Павлодар облыстық сотының

жалпы отырыс төралқасының регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі-болыстық сот) жалпы отырысының төралқасы:
    1. соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отрыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;

1-1)тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

1-2) сот практикасы бойынша қорыту және судьяларға қатысты шығарылған хаттарды талқылайды;

  1. осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Облыстық Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы:

- облыстық соттың төрағасы- облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының төрағасы;

- облыстық соттың азаматттық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;

- облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;

- Судьялар одағы филиалының төрағасы

- Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы

- облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберілген екі судья.

 

2. Жалпы отырыс төралқасы

төрағасының өкілеттіктері

 

3. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасы (бұдан әрі-төралқа) облыстық соттың төрағасымен шақырылады және оның төрағалық етуімен жүргізіледі.

         4. Төралқа отырысының барысында төрағалық етуші:

           1) отырыстың жалпы барысын бақарады, осы регламенттің ережелерінің сақталуын бақылайды;

           2)  күн тәртібіне сәйкес не төралқа шешімімен белгіленген өзге де тәртіппен сөйлеу үшін сөз береді;

           3) рәсімдік мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді;

           4) әрбір ұсынысты келіп түсуіне қарай дауысқа салады;

           5) дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

          6) осы регламенттің ережелері бұзылған жағдайда төралқа отырысының қатысушыларына ескерту жасауға құқылы, ал қайта бұзған кезде сөз сөйлеуден айыра алады;

         7) төралқа жұмысына кедергі келтіретін шақырылған адамдарды, оларға ескерткеннен кейін отырыс залынан шығартуға құқылы.

        5. Төрағалық етуші төралқаның күн тәртібіне, қаулысына және хаттамасына қол қояды.

 

  1. Жалпы отырыс төралқасының

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қарастырылатын мәселелерді, баяндамашыларды, шақырылған адамдарды (кеңесші дауыс құқығымен) күнін және өткізілу орнын көрсете отырып, күн тәртібі төралқа хатшысы отырыс басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қалыптастырылады.
  2.  Қарастырылатын мәселелер бойынша  төралқа қаулыларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде, материалдарды және баяндамаларды баяндамашы уәкілетті органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобымен бірлесе отырып дайындайды.
  3. Төралқа қызметін ұйымдық және өзге де қамтамасыз етуді төралқа хатшысы – облыстық соттың жалпы отырысының қызметін қамтамасыз ету жүктелген уәкілеттім орган бөлімшесінің қызметкері жүзеге асырады.

          Техникалық қамтамасыз етуді талдау және жоспарлау бөлімі жүзеге асырады.

 

4.Жалпы отырыс

төралқасының отырысы

 

  1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.
  2.  Электрондық тіркеу жүйесін пайдаланылып, тіркелу жүргізілгеннен кейін және дауыстар есептелгеннен кейін отырысты ашу туралы шешім қабылданады.
  3.  Күн тәртібі оған толықтырулар жұмыс тәртібі және рәсімдік мәселелер бойынша өзге де шешімдер төралқаға қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық түрде дауыс берумен бекітіледі.
  4.  Төралқа отырысында дауыс беру ашық немесе жасырын түрде өткізіледі. Дауыс беру облыстық соттың жалпы отырысының регламентімен белгіленген тәртіптер бойынша жүргізіледі Ешкім дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Дауыстардың саны тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
  5.  Төралқа отырысында баяндама жасау 10-15 минут, пікірталас-  3-5 минут, рәсімдік мәселелер бойынша сөз сөйлеу, сұрақтар қою және оларға жауап беру – 1-2 минут шегінде жүзеге асырылады. Қажет болшған жағдайда өзге уақыт белгіленуі мүмкін.
  6.  Баяндамалар мен сөз сөйлеулердің мәтіндері төралқа хаттамасына қосу үшін төралқа хатшысына тапсырылады. Хаттама облыстық соттың жалпы отырысының регламентімен белгіленген тәртіптер бойынша рәсімделеді.
  7.  Төралқа хатшысы отырыстың қаулысын хаттамасын қалыптастырады және оны өткізгеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды облыстық соттың төрағасына қол қоюға ұсынады.

 

5. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы регламентке өзгерістер мен толшықтырулар облыстық соттың жалпы отырысының отырыстарында қабылданады және қаулымен рәсімделеді.
  2.  Осы регламенттің ережелерін түсіндіруді төралқа жүзеге асырады.