Архив событий

05/03/2021

Павлодар облыстық сотында халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өтті

05/03/2021

Көктемнің керемет мерекесі - 8 наурыз қарсаңында Павлодар облыстық сотында салтанатты жиналыс өтті.

Ұжымның әдемі жартысының өкілдерін Павлодар облыстық сотының төрағасы Б. Қараманов, Судьялар одағы филиалының төрағасы Н. Есенжолов, Соттар әкімшісінің басшысы А. Жұмамұратов құттықтады.

Құттықтау сөздерінде олар қазіргі кезде әйелдердің баға жетпес рөлін атап өтті, ерен еңбектері үшін алғыс айтты және оларға денсаулық, әйел бақытын, көктемгі көңіл-күй тіледі.

Павлодар облысының сот корпусына жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

05/03/2021

Павлодар облыстық соты төрағасы Бақытжан Қараманов облыстық соттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 525 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.