Архив событий

17/03/2021

Медиацияның көмегімен ерлі-зайыптылар арасында неке сақталды

17/03/2021

Май аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматша Е. соттан азамат А.-мен мінездерінің жараспауына байланысты некені бұзуды сұрады. Жұбайымен 2017 жылдан бастап тіркелген некеде тұратынын және кәмелет жасқа толмаған баласы бар екенін атап көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар медиациялық келісім жасады, оны бекітуді және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Талапкерге төленген мемлекттік баж қайтарылды. 

Тараптар сотта татуласты

17/03/2021

Талапкер К. жауапкер И.-ден материалдық залалды өндіріп алу туралы талабымен сотқа жүгінді.

2020 жылғы 21 қыркүйекте «Омбы-Майқапшағай» автожолында талапкер өзіне тиесілі  «Волга» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жылқыға соғылды.

 Талапкер соттан жауапкер И.-ден 654 418 теңге мөлшеріндегі материалдық залал сомасын өндіріп алуды сұрады, себебі жоғарыда аталған жылқы жауапкерге тиесілі және ол (жылқы) далада қараусыз жүрген.

Сот талқылауы барысында талапкер мен жауапкерден дауды медиация тәртібі арқылы реттеу туралы өтініш келіп түсті.

Павлодарлық ұрлық жасағаны үшін сотталды

17/03/2021

Павлодар қаласының №2 сотымен ұрлық фактісі бойынша істі келісімдік іс жүргізуде қарау қорытындысы бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Іс материалдарына сәйкес, 24 жастағы қала тұрғыны Айманов көшесіндегі дүкеннің жанынан өтіп бара жатып, аталған дүкеннің қызметтік есігінің ашық екенін көріп, содан дүкенге кіріп, азық-түлік бөлімінің кассасынан жалпы сомасы 30 000 теңге ақша қаражатын ұрлап кетті.

Сот үкімі бойынша ол ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы бойынша кінәлі танылды және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.