Архив событий

11/03/2021

Трамвай салонындағы ұсақ бұзақылық үшін Павлодар тұрғыны қамаққа алынды

11/03/2021

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзу, ұсақ бұзақылық  жасау фактісі бойынша (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі) әкімшілік іс қаралды.

Сотпен 20 жасар қала тұрғыны Б. трамвай салонында айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртіпті бұзып, қолымен бірнеше рет шыныны соғып, трамвайды тоқтатуға талап еткені, сонысымен ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Автобус жүргізушісі былапыт сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылды

11/03/2021

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзу (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі), яғни ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотпен 35 жасар қала тұрғыны М.-ның қоғамдық көліктің жүргізушісі болып автобус салонында қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзып, жолаушы К.-ға былапыт сөйлегені, сонымен ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сотта азамат М. кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.