Архив событий

10/02/2014

Былапыт сөздер айтқаны үшін...

10/02/2014

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат И. қатысты іс қаралды, ол Павлодар қаласында өз үйінде мас күйінде анасына былапыт сөздер айтумен, сыйламаушылықты білдіретін әрекеттерді жасап, яғни, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы қылмыстық жаза әрекет белгілері жоқ.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат И. ҚР ӘҚБтК 79-5 б. 1 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 (он) тәулік мерзіміне әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаға тартылды.