Архив событий

31/03/2014

Мас күйде көлік құралын жүргізу

31/03/2014

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А., қатысты іс қаралды, ол жол жүру қозғалысы Ережесінің 2.7.1. тармағының талаптарын бұзумен көлік құралын мас күйінде жүргізді.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК 467 б. 8 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды және оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза салынды.

Мас күйде көлік құралын жүргізу

31/03/2014

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азаматша А., қатысты іс қаралды, ол жол жүру қозғалысы Ережесінің 2.7.1, 8.3 тармағының талаптарын бұзумен көлік құралын мас күйінде жүргізді.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азаматша А. ҚР ӘҚБтК-нің 467 б. 10 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 185 200 (жүз сексен бес мың екі жүз) теңгені құрайтын 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қоршаған ортаға келтірілген залалды республикалық бюджетке есептеумен өндіріп алу туралы

31/03/2014

2014 жылдың 17 наурыз күні Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау департаменті» ММ-нің «Транснациональная компания «Казхром» АҚ-на 113 652 237 теңге көлемінде келтірілген залалды республикалық бюджетке есептеумен өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық іс талап арыздың талаптары қанағаттандыру туралы шешім шығаруымен қарастырылған.