Павлодар облыстық сотында бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 қадам» Ұлт жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету тақырыбында жиын болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бүгін аталмыш бас қосуға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Н.К.Әшімбетов, Павлодар облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Н.Ө.Жолдасбеков, облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С.Күзеков, облыстық соттың Кеңсе басшысы С.Қ.Ахметбеков, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Н.Н.Малюгина, облыстық соттың судьялары, қалалық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Іс-шараны ашқан Нұржан Өтепбайұлы «100 қадам» Ұлт жоспарының -  заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған шараларға қысқаша тоқтала келе, алдағы уақытта сот жүйесін біршама оңтайландыруға байланысты сот жүйесіне қатысты жүзеге асатын жаңалықтарды айтып өтті.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кемерұлы «Бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселе – Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформаларының шеңберінде  100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыру,
ссыған байланысты Мемлекет Басшысының Жарлығымен құрамы отандық және халықаралық сарапшылардан тұратын бес жұмыс тобы  кіретін, Модернизациялау бойынша ұлттық комиссия құрылды.
Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бұл жаңа тарихи жағдайда Қазақстанның ең дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспары, орындалуы еліміздің дамуында және Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымы елдерінің стандарттарын іске асыруына позитивті нәтижелер беретін жоспар. Қазіргі таңдағы біздің басты мақсаттарымыздың бірі ол - заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жүзеге асқан іс-шаралар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуды, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруды және соттағы айыпталушы мен қорғаушының арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді» - деді өз сөзінде.
Осыдан кейін облыстық соттың судьясы А.Ө.Тоғымбетова және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Ә.С.Бақтияров баяндама оқып, судья лауазымына іріктеудің жетілдірілген жүйесін, сот құрылымын және сот өндірісін модернизациялау, алқа билерді бес аса ауыр қылмыс құрамына қолдану, тергеу судьяларына адамның конституциялық құқықтарын шектейтін қосымша тергеу әрекеттерін санкциялайтын өкілеттіліктерді беруге қатысты мәселелермен толық таныстырып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиынды тұжырымдай келе Нұржан Өтепбайұлы сот ұжымы атынан Нұржан Кемерұлына аталған шараға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Елбасымен жүктелген ортақ міндеттерді абыройлы атқарып, оң нәтижеге жетуімізге тілектестігін білдірді.

Павлодар облыстық сотының
баспасөз қызметі