Успен аудандық соты «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Успен аудандық соты «Елбасының 100 нақты қадам бес институционалдық реформасын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.В.Ви, Әділет бөлімінің бастығы А.И.Ережепов, прокурор көмекшісі Е.С.Ермеков, әкім аппаратының қызметкері Т.Альтаева, Ішкі саясат бөлімінің қызметкері А.Р.Смагулова қатысты.
Жиында аудандық сот төрағасы  ағымдағы жылы Елбасының 30 дамыған елдің қатарына ену үшін бес институционалдық реформасының жарияланғанын атап өтті.
Институционалдық реформаның бірі – заң үстемдігі. Оған 19 нақты қадам қарастырылған: азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, кандидаттарды  іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымын, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, барлық сот процесстеріне бейне және таспа жазу шараларын енгізу, алқа билер сотының қатыстырылуын,  азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті қамтамасыз ету, инвестициялық алқаны ұйымдастыру, үздік стандарттар бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету.
Шара қатысушылары Елбасы ұсынған бағдарламаның арқасында  Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына ілгерілеп қосылатынына зор сенім білдірді.

Успен аудандық сотының
баспасөз қызметі