Адам өлтiру фактісі бойынша іс апелляциялық сатыда қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған адамның апелляциялық шағымы бойынша түскен адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарады (ҚК 99-б. 1-б.).

Сот алқасы 2022 жылдың 31 қазанында С. Павлодар облысы Тереңкөл ауылындағы үйінде азаматтық әйелі О.-ның 36 000 теңге ақшаны жұмсағаны үшін жанжалдасып, жұдырығымен О.-ның сол жақ кеуде аймағына және денесінің барлық бөліктеріне бірнеше рет соққы бергені анықталды. О. алған жарақаттарынан қылмыс орнында қайтыс болды.

2022 жылдың 01 қарашасында С., жасалған қылмысты жасыру мақсатында қоймадан балта мен араны алып, оның көмегімен О.-ның мәйітін бөлшектеп, келесі күні үш пропилен қапқа салып, оны Ертіс өзенінің жағасына апарып суға тастаған.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С. ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Апелляциялық сатыдағы соттың шешімі

Апелляциялық шағымда сотталған адам бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеп, апелляциялық шағымның дәлелдерін тексере келе, алқа Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі заңды деген қорытындыға келді, өйткені С.-ның кінәсі тергеу хаттамаларымен, сот-медициналық сараптамаларының қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Осыған байланысты үкім өзгеріссіз, сотталған адамның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі