Адам өлтіру фактісі бойынша іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 27 наурызда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру фактісі бойынша Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. (ҚК 99-бабының 1-бөлігі).

Сот нені анықтады

2023 жылғы 5 тамызда сағат 01.00 шамасында масаң күйдегі Қ. Павлодар қаласындағы «SMART» бизнес орталығының автотұрағында болып, Р.-мен жанжалдасып, төбелесіп, соңғысына денесінің әр түрлі бөлігіне бірнеше рет соққы жасап, сосын оны тұншықтырған.

Мойынының қысылуына байланысты механикалық асфиксиядан Р. сол жерде қайтыс болды.

Соттың шешімі

Бұл қылмыс үшін заңда сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қ.-ның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденген.

Асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, сот Қ.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі