Ақбөкеннің мүйіздері туралы іс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты А.-ға қатысты аса ірі залал келтірумен жасалған дериваттарды, оның ішінде мүйіздерді заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 339-б. 3-б. 2-т.).

Сотпен не анықталды

2023 жылдың 23 қыркүйегінде А., ақбөкен тұқымдасы – Saiga tatarica тұқымдасының 782 мүйізін заңсыз жолмен 2 миллиард теңгеден астам сомаға сатып алған. Содан кейін оларды Павлодар облысының Ақсу қаласына заңсыз жеткізіп, гаражда сақтаған, кейін мүйіздерді полиция қызметкерлері тәркілеген.

Қылмыс жасаудағы кінәсі: сотталушының, жәбірленуші өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденеді.

Тараптардың ұстанымдары

Прокурор 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы кінәсін мойындады.

Сот не үшін және қандай жаза тағайындады

Іс-әрекет ауыр экологиялық қылмысқа жатады және оны жасағаны үшін заңмен тек 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тұрғылықты жері бойынша оң сипатталуын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот А.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ А., 5 жыл мерзімге аңшылықпен айналысу құқығынан айырылды.

 Мемлекет пайдасына 2 023 425 000 теңге мүліктік залал және 60 702 750 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі