Алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төрағалық етуші судьямен медиациялық рәсімі өткізіліп А.Д. жауапкер Б.Д.-ге алимент мөлшерін азайту туралы талап арызы бойынша 2016 жылдың 08 маусымдағы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйғарымымен азаматтық іс қысқартылды. Медиация келісімінің шарты бойынша кәмелетке толмаған үш баланың ата-анасы келесі келісімге келді, кәмелетке толмаған Даниилдың тұрғылықты жері әкесінің мекен-жай бойынша белгіленген, ал Екатерина және Анна анасының мекен-жайы бойынша белгіленген, Анна мен Екатеринаға төленетін алимент мөлшері 1/3 бөлігіне азайтылған.

Қазіргі уақытта ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспа-сөз қызметі