Алқабилердің шешімі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен ағымдағы жылдың 10 қаңтарында айыптау үкімі жарияланды, онымен Ақсу қаласының тұрғыны Ж.Г. Мухаметжанов адамды ұрлау және оны өлтіргені үшін сотталды.

Ж.Г. Мухаметжанов қазіргі уақытта іздеудегі басқа тұлғамен бірге, бұрын таныс Д.К. Мубараковты ұрлағаны және ауырлататын жағдайларда соңғыны өлтіргені үшін айыпталды.

Бұл іс сотталушының өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралды, олар Ж.Г. Мухаметжановтың кінәсі, қылмысты жасағандығының дәлелденгендігі туралы мәселелерді, сонымен оның жазасы туралы шешті.

Ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша, кеңесу бөлмесінде алқабилер көптеген дауыстар бойынша Ж.Г. Мухаметжановты адамды ұрлауда және ауырлататын жағдайларсыз өлтіруде кінәлі деп шешті.

Алқабилер адам өлтірудің: алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, аса қатыгездiкпен, дәрменсіз күйдегі адамды ұрлаумен ұштасуда жасалған белгілерді алып тастады.

Осыған байланысты Ж.Г. Мухаметжановтың әрекеті Қылмыстық кодестің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды, ол аз жазаны көздейді, және оған заңмен көзделген санкция шегінде 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл үкім, алқабилердің шешіміне негізделді, заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіпте қаралуы мүмкін.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі