Бұзақылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 6 наурызда Павлодар қаласының № 2 соты ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы - кадр саясаты бөлімінің бастығына қатысты газды қаруды қолдану арқылы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 293-бабының 3-бөлігі).

Сотпен анықталды

2023 жылдың қаңтар айында Павлодар қаласы Сұрағанов көшесінде орналасқан бильярд клубының алдындағы көлік тұрағында Н. бұзақылық ниетпен, жарық-шуылмен және газды патрондармен жабдықталған өзінде болған газды тапаншамен, оны психикалық зорлық-зомбылық құралы ретінде қасақана пайдаланып, И.А. мен Р.М.-ға бірнеше рет оқ атқан, олар оның әрекетін нақты қауіп ретінде сезініп, одан қаша бастаған, содан кейін Н. қылмыс орнынан кетіп қалған.

Сот неге және қандай жаза тағайындады

Н.-ның жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жатады, ол үшін заңмен балама жаза түрлері көзделген.

Н.-ның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, сот сараптамасының қорытындыларымен, куәлар мен жәбірленушілердің айғақтарымен расталады.

Сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайды: асырауында үш жас баланың болуын, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайды қабылдаған антын бұзуды ескере отырып, Н.-ды ҚК 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп таныды және 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады.

Н., сондай-ақ «полиция подполковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі