Дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында «Жер дауларын шешуде ӘРПК қолданудың өзекті мәселелері», «Жер дауларын шешуде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.А. Рысбеков өткізді.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының судьялары Е.Е.Жұматаев, М.Т.Дайкенов Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, облыстық және қалалық прокуратуралардың, «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, «Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-нің өкілдері және «Атамекен» Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, қатысты.

Павлодар облысы бойынша «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылары мен өкілдері ZOOM арқылы қатысты.

Іс-шараны ашқан Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.А. Рысбеков өз сөзінде дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жер дауларын шешуде ӘРПК-ны қолданудың өзекті мәселелерін талқылау екенін атап өтті.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.К. Аубакирова баяндамасында жер дауларын шешу кезінде туындайтын мәселелерді айтты.

Әкімшілік іс жүргізу аясында «Жер дауларына байланысты мәселелер» тақырыбында «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.Ж. Абенова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жер дауларын шешуде ӘРПК-ны қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді, осындай іс-шаралар облыстық сотпен тұрақты түрде өткізіліп тұратыны және соттардың сындарлы диалогқа, түйткілді мәселелерді шешуге дайын екендігі айтылды.

 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі