Есірткі құралдарының контрабандасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 296 бабы 3 бөлігі, 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен азамат Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2015 жылы ақпанның 22 күні азамат Ч., Екібастүз қаласы Строительный көшесінде орналасқан моншаның қасында, асфальтта жатқан полиэтиленді түйіншекті тауып қалтасына салған. Сол күннің кешкі уақытында азамат Ч. «Вольво» маркалы автобуспен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын өту кезінде шекаралық қызметкерлермен тексеру барысында жалпы салмағы 15,96 грамм ірі көлемде гашиш –есірткі заты табылды.

Соттың үкімімен азамат Ч. ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігі, 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі