«Істерді мемлекеттік тілде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ертіс ауданында «Істерді мемлекеттік тілде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны Павлодар қалалық сотының судьясы А.Е. Асанова ұйымдастырды. Оған, Ертіс аудандық соты төрағасының м.а. Ж.С.Жұматаева, аудан прокуроры Д.Б.Файзулин, ауыл әкімі Д.Т.Алкенов, Ертіс ауданы пробация қызметінің бастығы Г.С.Бейсембаев, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Ертіс аудандық филиалының директоры Т.А. Қасымов, аудан әкімі аппаратының, полиция басқарамасының, мемлекеттік мекемелер мен органдардың өкілдері, адвокат  Т.Т. Джангульдинов қатысты.

Судья А.Е.Асанова қазіргі таңда сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл хал-ахуалы жайында, тіл қолдануын жетілдіру туралы тұжырымды баяндама жасады.

2023 жылы мемлекеттік тілде аяқталған істер 38 930, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 615, яғни 4,1 пайыз құрайды. Осы қаралған істердің ішінде: 19 550 азаматтық іс қаралған, мемлекеттік тілде 500 іс, яғни 2,6 пайыз; 1 480 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 45 іс қазақ тілінде немесе 3,0 пайыз; әкімшілік істер бойынша 1 066 түссе, одан тек 12 іс немесе 1,1 пайыз қазақ тілінде; 16 834 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған, оның ішінде1058 мемлекеттік тілде, яғни 6,3 пайыз құрайды. 2022 жылға қарағанда тек 0,8 пайызға өскен.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеру – еліміздің әрбір азаматының міндеті ғана емес, сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың басты факторларының бірі.

Сот ісін жүргізу тілі сот жүйесін ұйымдастырудың ғана емес, сонымен бірге бүкіл сот төрелігі жүйесінің қызметінің маңызды негіздері болып табылатыны – азаматтығына қарамастан барлық адамдардың теңдігі сот ісін жүргізу тілі қағидасын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетінің атап өтті. Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ҚПК-тің 30-бабы мен ӘҚБтК-тің 738- бабының талаптарын қатаң түрде сақтап, тиісінше орындауын талап етеді.

Адвокаттар мен заң кеңесшілеріне өз құқықтарын қорғауға жүгінген азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында, сотқа талап қоюды, арыздар мен ұсыныстарды әзірлеу барысында олардан қай тілді жақсы меңгергенін анықтап, өздері жетік білетін және өз ой пікірлерін жеткізе алатын тілде әзірлеу қажет екенін, талап қоюларды (арыздарды) сотқа қазақ тілінде түсуін жолға қоюды атады.  

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алып, қорытынды жасады.

Источник: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі