Әкімшілік сот брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Бірінші жартыжылдықта 796 іс қаралды, құқықбұзушылықтың басым бөлігі көлікпен жасалған –  262, тұрмыстық қатынас аясында – 161, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылыққа қатысты – 251 іс.

Аталмыш кезеңде 796 іс 801 тұлғаға қатысты қаралды. Олардың ішінде: әкімшілік өндіріп алуды қолдану – 676, 39-ы ескерту алса, 161-і көлік айдау құқынан айырылды, 273-і қамауға күштелді, 3-і шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамдар ҚР шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiрілді, 200-не 5773321 теңге ортақ сомада айыппұл салынды, 9-на толықтырылған шара тәркілеу қолданылды, 17-і лицензиясын тоқтатты. Одан басқа, 125 тұлғаға қатысты өндіріс әртүрлі негізге қатысты қысқартылды. Салық салу бойынша 13 тұлғаға қатысты 13 іс қаралды, оның 6-на қатыстысы қысқартылса, 7 тұлғаға ортақ сомасы 1 486 500 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды.

Істерді қарау мерзімі бұзылмаған.

Шара соңында БАҚ өкілдері ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. 

 

Источник: 
Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі