Көлікке мас күйде қайта отырған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық №2 сотында ҚР ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Г. Павлодар қаласының мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда, 2015 жылдың 23 мамырында азамат Г. көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле түра, мас күйінде Павлодар қаласының ІІБ БЖПП қызметкерлерімен ұсталынды.

Сот құқықбұзушыны қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып, 25 АЕК мөлшерде айыппұл  және 3 жыл мерзімге көлік жүргізу қызметімен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заң күшіне енді.

Источник: 
Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметі