Медицина қызметкерлеріне құрметтемеушілік таныту туралы іс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі медицина қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде құрметтемеушілік таныту бойынша А.-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотпен анықталды

Сотпен 2024 жылғы 4 сәуірде сағат 22.00-23.00 шамасында А., Ақсу қаласындағы тұрғылықты жерінде болып, жедел жәрдем бригадасымен жанжалдасып, жедел жәрдемнің фельдшеріне былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.

Сот неге және қандай жаза тағайындады

Сот А.-ны медициналық қызметкерлерге қатысты лайықсыз мінез-құлық көрсетіп, былапыт сөздерді айтқаны үшін құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп таныды.

Аталған құқық бұзушылық үшін Заңмен отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Сот 77 532 теңге сомасындағы әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Сот жаза тағайындау кезінде А.-ның тұрақты жұмыс орны  мен асырауында анасының болуын ескерді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі