Павлодар облысы медиаторларын оқыту бойынша оқу жоспары үйлестірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы Меморандумды орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Қазақстан халық Ассамблеясымен 2016 жылғы 09 қпанында Павлодар облысының кәсіби және кәсіпқой емес медиаторларды оқыту және дайындау деңгейін көтеру Бағдарламасы бекіту бекітілді. Аталған Бағдарламаны әзірлеуде доғарыстағы судья М.Бикеева, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Иванова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Медиация орталығының басшысы О.Л.Николашина, «Ұлттық медиаторлар палатасы» ҚБ-нің өкілеттілігінің директоры С.Т.Қайдарова, кәсіпқой емес медиатор О.В.Эрлих белсенді қатысты.

Оқыту бағдарламасын әзірлеу барысында қолданыстағы АПК-не сәйкес, соттармен қаралған даулар түрі назарға алынды.

Даудың мәніне байланысты медиацияны қолдану туралы дәрісті сәйкес соттың судьясы оқиды. Дайындық жоспарымен Павлодар облысының барлық соттары қамтылды.

Бірінші сабақ «Бала мүддесіне қатысты медиация» тақырыбына өтеді, соған сәйкес ювеналдық соттың судьясы М.А.Ивановамен кәмелетке толмағанның қатысуымен даулар  бойынша медиация оқу құралы – жадынама әзірленді. Оқу құралында медиациялық келісімдер нұсқалары жиналған.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі